|
23.08.2019 | 12:42
2714

Көкшетауда қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген ер адам әйел зорлады

Сотталушы әйелді өз үйінде зорлап тастаған

Көкшетауда қоныс колониясында жазасын өтеп жүрген ер адам әйел зорлады

Көкшетауда қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан 30 жастағы ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, ол әйел зорлады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полиция ЕЦ 166/24 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

"Зорлау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлімі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 1989 жылы туған күдікті қазіргі уақытта қамауда отыр", - деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары қосымша ақпарат беруден бас тартты.

"Басқа мәлімет ҚР қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ал ресми емес ақпарат бойынша қылмыс зардап шеккен әйелдің үйінде болған. Келіншек жиһаз сататыны жөнінде хабарландыру береді. Тауарды көрмек болып келген сотталушы әйелді зорлап тастаған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир