Қарағанды облысында адам өліміне қатысы бар күдікті ұсталды
zhambylnews.kz
Оқиға орнында патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 42 жастағы азамат құрықталып, ұстау барысында ол полицияға қарсылық көрсеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды облысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері адам өліміне қатысы бар күдіктіні “ізін суытпай” қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.
21 сәуір күні таңертеңгілік Қарағанды қалалық Полиция басқармасына Западный көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінің ауласында пышақ жарақаттары бар адамның денесі жатқандығы туралы хабарлама түскен. Оның 33 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.
Оқиға орнында патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 42 жастағы азамат құрықталып, ұстау барысында ол полицияға қарсылық көрсеткен. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33