Жол апаты тіркелді: мопед пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Сурет: Zakon.kz
Медеу аудандық полиция басқармасы істің мән-жайын анықтауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мопед пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті

Әлеуметтік желіде жол апаты орнынан түсірілген видео пайда болды. Онда оқиға салдарынан блогерлердің зардап шеккені айтылған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік апаты түнгі сағат 01:00-де Медеу ауданында болған.

 - Мопед жүргізушісі 1993 жылы туған азамат шығыс айналма жолмен оңтүстік бағытта келе жатып, сол бағытта келе жатқан «Volkswagen Passat» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан мопед жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушысы зардап шекті. Олар қаладағы ең жақын ауруханаға жеткізілді, - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек Медеу аудандық полиция басқармасында тіркелді.

Оұи отырыңыз: Ақтөбе облысындағы жол апатынан бір адам қаза тауып, екі жолаушы жарақат алды

Новости партнеров