|
13.08.2020 | 13:10
1148

Суға түсіп, бас қосу жасаған: Карантин режимін бұзған тұрғындар анықталды

Ал екі күнде өткізілген рейд кезінде 15 адам анықталды

Суға түсіп, бас қосу жасаған: Карантин режимін бұзған тұрғындар анықталды polisia.kz

Полицейлер екі күн ішінде карантинді ескермей, суға түсіп, бас қосу жасаған 15 адамды анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Ордабасы аудандық полиция бөлімінің полицейлері кезекті рейд кезінде суға шомылу арқылы бас қосқан, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары мен санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтамағандарды анықтау мақсатында рейдтік жұмыстарды жалғастыруда. Себебі жаз мезгілінде суға түсушілер саны артып, шомылушылар тарапынан қауіпсіздік шаралары еленбей жатады. Оған қоса судың жағасына демалуға барып, карантин талаптарын ұстанбайтындар да белгілі болды. Мәселен, Ордабасы АПБ-нің ЖПҚ УПИ қызметкерлері Арыс өзенінің жағасына шомылуға барған бірнеше ер адамды ұстады. Олар Арыс, Сарыағаш пен Ордабасы аудандарының тұрғындары болып шықты. Ал екі күнде өткізілген рейд кезінде 15 адам анықталды. Аталған тұрғындарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабымен хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы айтқанда мұндай жайттар 17 шілдеден бері су пайдалану қағидаларын бұзу дерегі бойынша 165 әкімшілік құқық бұзушылық белгілі болып, хаттамалар түзілген. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері барлық тұрғындарға карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, бас қосулар мен той-жиындарды жасамауды ескертеді. Карантин ескерілмей құқық бұзушылыққа жол берілген жағдайда, заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан немқұрайлылық танытпай, өз саулықтарыңыз үшін карантин талаптарын ұстанған жөн.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир