ШҚО-да бірнеше тонна күкірт қышқылы төгілді
ШҚО Полиция департаменті
Жақын маңдағы бұлақ шамамен бес шақырым жерде орналасқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Күршім ауданында, Ақбұлақ және Егіндібұлақ ауылдары арасында қышқыл құйылған жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аймақтық коммуникациялар қызметінің дерегі бойынша, көлік апатқа ұшырауы салдарынан 20 тонна күкірт қышқылы төгілген.
ШҚО Санитария-эпидемиологиялық бақылау департаменті оқиға орнынан ластанған топырақ алынып тасталатынын хабарлады.
Жақын маңдағы бұлақ шамамен бес шақырым жерде орналасқан.
Әкімдіктің сөзінше, жергілікті тұрғындар бұлақты пайдаланбайды. Соған қарамастан мамандар қышқыл төгілуі салдарынан бұлақтың ластанған әлде ластанбағанын анықтау үшін судан сынама алды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37