Ақмола облысында Тәжікстанның төрт азаматы бұзылған картоптың иісіне уланып көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik.
Бейсенбі күні кешкісін Державин қаласы Жарқайың ауданында үш адам картоп алу үшін жертөлеге түседі.
Олар 1971, 1975, 1981 жылғы үш ер адам және 17 жастағы бозбала болатын, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.
«Үшеуі оқиға орнында көз жұмған, ал бозбала ауруханаға барар жолда мерт болды. Марқұмдар - Тәжікстан Республикасының азаматтары. Алдын ала болжам бойынша, олар шіріген картоптың иісіне тұншығып өлген», - делінген хабарламада.
Сәуір айының басында ғана дәл осындай оқиға Алматы облысында болған еді. Текес ауылында төрт адам уланып, оның бірі мерт болған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, жертөле бұзылған картоптан шыққан улы газға толып тұрған, олар содан тұншыққан көрінеді.