СҚО-да жыл басынан бері өрт салдарынан 45 адам көз жұмды

Almaty.tv
Almaty.tv
Тек өткен аптаның өзінде тілсіз жау 3 адамның өмірін жалмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 624 өрт болып, 45 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.    

39 адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған. Тек өткен аптаның өзінде тілсіз жау 3 адамның өмірін жалмады. Төтеншеліктер өрт оқиғаларының жиілеп кеткенін айтады. Олардың басым бөлігі пеш жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болған көрінеді.

Дәл осы себеппен 6 қараша күні Қызылжар ауданы Бескөл ауылында кәмелет жасқа толмаған 2 қыз пеш түтініне уланып, балалар ауруханасына жеткізілген.  

«Бұл оқиға қатты отынмен жылытатын пештің ақауы салдарынан болды. 2014 және 2016 жылы туған қыздар зардап шекті. Қазір олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал 5 қараша күні Петропавл қаласы Васильев көшесі, №123 үйде қызыл жалын шықты. 2 адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі алған жарақатынан көз жұмды. Ал өрт орнынан 1985 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Бір күннен кейін дәл осындай жағдай облыс орталығында да болды», – деді СҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Айдар Мұсатаев.

Новости партнеров