Қостанайлық полицей Дархан Базарбаев қызметін атқару кезінде мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін «102» пультіне Тобыл қаласының тұрғыны хабарласып, Комсомольский көшесіндегі үйде отбасылық жанжал туындағанын айтқан.
«Патрульдік полицейлер Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов оқиға орнына 6 минуттан соң жетті. Тәртіп сақшылары 28 жастағы үй иесінің өзінің отбасын пышақтап өлтірмек болғанын анықтады. Отбасы мүшелері ол пышақ алып шығуға кеткен уақытта, үйдің есігін жауып тастаған. Күдіктіні ұстау барысында полицей пышақ жарақатын алған. Алайда ол отбасы қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды жасады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі Дархан Базарбаевтың көз жұмғанын айтты», - деді облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Полицейдің артында 4 айлық сәбиі қалған. Қазір күдікті қамауға алынып, ҚР ҚК 99-бабы бойынша іс қозғалды.