|
27.05.2022 | 13:56
1112

Ақтөбеде жол апатынан екі адам қайтыс болды

Оқиға бүгін сағат 00:30-да болған

Ақтөбеде жол апатынан екі адам қайтыс болды ҚазАқпарат

Ақтөбедегі Хромтау-Аққұдық тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оқиға бүгін сағат 00:30-да болды. Хромтау аудандық полициясының кезекші бөліміне 75 шақырым жерде жол апаты болғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала болжам бойынша, Nissan Teana автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Аққұдық ауылы маңында қарсы жолаққа шығып кетіп, Хромтау ауданының 44 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Ваз-2115» автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Одан бөлек, Nissan Teana автокөлігінің жүргізушісі мен «ВАЗ-2115» автокөлігінің үш жолаушысы Хромтау қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир