Қазақстандықтардың 75,9%-ы Ата заңға түзетулер енгізуді қолдайды – Қоғамдық саясат институты

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Азаматтардың көпшілігі қолданыстағы Конституцияны өзгерту бойынша референдум өткізуге оң көзқарас танытып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтардың 75,9%-ы Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдауға дайын. Бүгін AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты «Әлеумет» жобасы аясында жүргізілген Referendum: Halyq üni зерттеуінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Онда қазақстандықтардың 67,9%-ы Конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейтіні айтылған. Яғни, азаматтардың көпшілігі қолданыстағы Конституцияны өзгерту бойынша референдум өткізуге оң көзқарас танытып отыр. 

Атап айтқанда, қазақстандықтар мыналарды қолдайды: 

• азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту – 80,1% 

• халықтың елді басқару ісіне араласуын кеңейту – 76,8%, 

• суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу – 73,5%, 

• билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу – 72,3%, 

• Парламенттің рөлін күшейту және мәртебесін арттыру – 64,4%. 

«Қазақстандықтардың 67,9%-ы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу елдің дамуына оң әсер етеді деп санайды. 5 маусымда сайлау учаскелеріне азаматтардың үштен екісі келмек», - деп атап өтті партия хатшысы Дәулет Кәрібек.

Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиеваның айтуынша, халықтың өзгерістерге деген сұранысы тұрақты түрде туындап отыр.

«Соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі қазіргі қоғамдық-саяси үдерістердің оң бағаланатынын көрсетеді. Азаматтардың 87,5%-ы белгілі бір дәрежеде ел өміріндегі өзгерістерді қалайды. Сұралғандардың 55,4%-ы белсенді азаматтық ұстанымға ие. Зерттеуге еліміздің барлық өңірінен 1700-ден астам респондент қатысты», - деді Мәдина Нұрғалиева. 

Новости партнеров