|
Oqıǵalar
08.12.2019 | 14:03

Маңғыстау тұрғыны өзі жалдаған жұмысшыны өлтіріп, 10 жылға сотталды

Ол ұсталып, кінәсін мойындады

Маңғыстау тұрғыны өзі жалдаған жұмысшыны өлтіріп, 10 жылға сотталды inform.kz

Маңғыстау облысындағы ащы суға сылқия тойып ағандардың бірі қайтыс болып, екіншісі 10 жылға сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА tumba.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материалына сәйкес, Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының 44 жастағы тұрғыны өз үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйғарып, осы мақсатта Өзбекстаннан бір жұмысшыны шақырған. Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін үй иесі жұмысшыға осы оқиғаны атап өтуді ұсынды. Ішімдік ішу кезінде ер адамдар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласады. Мас күйінде үй иесі пышақ алып, бөтелкелесіне бірнеше жерден соққы жасаған. Алған пышақ жарақатынан жұмысшы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Полиция кісі өліміне күдіктіні дереу анықтады. Ол ұсталып, кінәсін мойындады. Күдікті қылмыстық істер жөніндегі арнайы соттың қарауында болды.

Ол кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды.

Сотта айтылғандай, адамдар ащы суға тойып алып, ауыр қылмыстар жасағаны туралы көптеген оқиғалар бар. Есін жиғаннан кейін олар не бүлдіргенін түсіне бастайды, бірақ ештеңені өзгертуге болмайды. Өзінің және басқалардың өміріне бей-жай қараудың соңы осындай жағдайға алып келеді, дейді судьялар.

‡агрузка...

Прямой эфир