Түркістан облысында сел жүрді

inform.kz
inform.kz
Қазіргі таңда арнайы екі техника жұмылдырылып, 20 адам сел алған орындарды ретке келтіріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан сел жүрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нөсер салдарынан Жігерген ауылдық округінің Дихан елді мекеніндегі Дүйсебаев көшесі бойындағы қашыртпа каналындағы су тасып, 6 үйдің ауласына жайылған.

Сондай-ақ, Айнатас елді мекені Айнатас көшесі бойындағы 3 үйдің ауласын да су басқан.

Қазіргі таңда арнайы екі техника жұмылдырылып, 20 адам сел алған орындарды ретке келтіріп жатыр. Сондай-ақ, алдын алу шараларын жүргізуде.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің хабарлауынша, қазір жағдай бірқалыпты.

Айта кетейік, кеше тоқтаусыз жауға жаңбыр салдарынан Төле би ауданында бір балабақша мен жеке сектордағы 25 ауланы және бірнеше көшені су басқан болатын.

Новости партнеров