|
Jol
21.11.2021 | 14:10
844

Нұр-Сұлтанда түнде үш көлік соқтығысып қалды – видео

Екі адам зардап шекті

Нұр-Сұлтанда түнде үш көлік соқтығысып қалды – видео Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда түнде үш автокөлік соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, оқиға 20 қараша түнгі 23:35 шамасында болды.

"Мерседес" рөлінде отырған 20 жастағы жүргізуші Момышұлы даңғылымен Жұмабаев көшесіне қарай кетіп бара жатқан. Осы сәтте жас жігіт рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып, "Киа" және "Лада" көліктерімен соқтығысты.

Салдарынан "Киа" мен "Мерседес" жүргізушілері дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Соңғысы дәрігерлерге қаралғаннан кейін үйіне жіберілді.

Бұл фактіге қатысты анықтау жүргізіліп жатыр.

Елорданың полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға және жолда мұқият болуға шақырады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир