Таулы аймақта жоғалып кеткен Әсел Панарғалиеваны іздестіру жұмыстары тоқтаған жоқ

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Алматы тауларында жоғалып кеткен турист Әсел Панарғалиеваны қайта іздеу шаралары оң нәтиже бермеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист Әсел Панарғалиеваны қайта іздеу шаралары оң нәтиже бермеді. Ол жөнінде төтенше жағдайлар комитеті Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында айтқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Комитеттің мәлімдеуінше, Республикалық жедел құтқару жасағы 2019 жылғы 10 қараша мен 3 желтоқсан аралығында іздеу жұмыстарын жүргізген. Оған Ми-171 тікұшағы жұмылдырылған. Шатқалдар, Жосалы Кезең асуы, Үлкен Алматы шыңы таулары мен беткейлері, Үлкен Алматы көлі шатқалындағы жол мен таулы аудандардың барлығы қамтылған. 

«Дегенмен іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді. Туристің іздері мен жеке заттары да табылмады. Өткен жылдың желтоқсан айында ауа-райының нашарлауы мен жауын-шашынға байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылды», – делінген сауалхаттың жауабында.

Ал, іздеу жұмыстары 14 мамырда қайта басталып, ол да сәтсіз аяқталған. Полиция департаментінің айтуынша, Әсел Панарғалиеваны іздестіру жұмыстары тоқтаған жоқ. Еске салсақ, өткен жылдың 9 қарашасында Үлкен Алматы шыңына аттанған турист қыз жоғалып кеткен болатын.

Новости партнеров