Алматыда автобус жүргізушісі жас қызды қағып кетті (видео)
Зардап шеккен қыз бала қалалық Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда автобус жүргізушісі тағы да адам қақты. Бұл жолы №70 бағыттағы автобустың жүргізушісі Розыбакиев көшесімен көтерліп келе жатып, Абай даңғылының қиылысында 16 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен деп хабарлады Almaty.tv тілшісі.
«Алматыэлектротранс» мекемесінің мәлімдеуінше, қыз бала бағдаршамның қызыл түсіне өтпекші болған, ал жүргізуші тоқтап үлгере алмапты. Түс кезінде орын алған оқыс жағдайдан соң жарақат алған жасөспірім жедел-жәрдеммен шұғыл түрде орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Денсаулық сақтау басқармасының өкілі Набира Есенованыңың айтуынша, қыз бала жабық ми жарақатын алған, сондай-ақ, мойын омыртқасы мен иық сүйектері сынып кетіпті. Жағдайы – орташа ауыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
23.10.2026 21:45