6 ер адам зорлап, соның салдарынан жүкті болып қалған 13 жасар жеткіншек қыз өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz.
Пинки есімді Таиландтың 13 жасар тұрғынын бірнеше адам жабылып зорлап кеткен. Соның салдарынан аяғы ауыр боп қалған жасөспірім қыз көпқабатты үйлердің бірінен секіріп, көз жұмды.
Ол өзіне қол салар алдында құрбысына «Мен кеткелі жатырмын, мен сені жақсы көремін» деп хат жазып, өзінің үй шатырынан салбырап тұрған аяғын суретке тартып жіберген көрінеді.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қыз Facebook желісінде бірнеше рет «кеткелі жатқандығын» айтып, жазба қалдырған.
Анасының айтуынша, 11 қараша күні 6 адам қызын қамауда ұстап, зорлап тастапты. Бұл жағдай оның жандүниесін күйретіп кеткені сонша, тіпті соңында ол жер басып жүруге деген қызығушылығын жоғалтқан.
Жергілікті полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, оқиғаға қатысы бар деген екі азамат ұсталған. Айтуларынша, сол күні жәбір көрген тағы да бір қыз болыпты. Тәртіп сақшылары оны құтқарып қалғандығын жеткізді.