Нұр-Сұлтанда бүлдіршін балабақшадан сырт киімсіз шығып кеткен

Нұр-Сұлтанда бүлдіршін балабақшадан сырт киімсіз шығып кеткен
Балабақша басшысының айтуынша, ғимаратта жарық сөніп қалған кезде есік ашық қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтандағы балабақшалардың бірінде екі балдырған жеңіл киіммен далаға шығып кеткен. Кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам оларды байқап, тәрбиешіге табыстапты. Аталған жайтқа қатысты мекеме директоры түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Балабақша басшысының айтуынша, ғимаратта жарық сөніп, барлық жүйе істен шыққанда есік ашық қалған. Ал сол сәтте екі бала далаға шығып кеткен. Кінәсін мойындаған директор оқиғаға ата-аналардың түсіністікпен қарағанын, сондай-ақ, жауапты мамандардың жазаланғанын жеткізді.

«Тексеру барысында ювеналды полиция қызметкерлері орталықтың тәрбиешілерімен мұндай немқұрайлылықтың алдын алу мақсатында әңгіме жүргізді. Полицияға заңды өкілден шара қолдану туралы арыз келіп түсті. Полиция қызметкерлері жауапты адамдарға шара қолдану үшін Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамыз ету департаментіне ұсыным жіберді. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті білім беру саласындағы міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлердің жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.

Новости партнеров