Петропавлда мас жүргізуші әйелді қағып кетті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жалпы 3 айдың ішінде облыс аумағында мас жүргізушілер 4 жол-көлік апатын жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавлда көлікті мас күйде тізгіндеген ер адам жаяу жүргіншілер жолағында әйелді соғып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Петропавлдағы Уәлиханов көшесінде, жол қозғалысы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. 

«Toyota RAV-4 автокөлігінің жүргізушісі көшені кесіп өтпек болған 49 жастағы қала тұрғынын соғып кетті. Бұдан кейін жүргізуші бір бағытта кетіп бара жатқан Volkswagen автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел жарақат алып, медициналық мекемеге жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Екі көлікте те зақымданды. Toyota тізгінінде Петропавлдың 54 жастағы тұрғыны болған. Медициналық куәландыру оның мас күйде болғанын көрсетті. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптамалар тағайындалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. 

«Жалпы 3 айдың ішінде облыс аумағында мас жүргізушілер 4 жол-көлік апатын жасады. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 2-уі жарақаттанды. Полицейлер мас күйде көлік жүргізу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша мақсатты жұмыс жүргізеді. Жыл басынан облыс бойынша 263 мас жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды», - дейді СҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.


Новости партнеров