Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық топтарды ұстау шарасын бастады

Сурет: ҰҚК
Сурет: ҰҚК
Арнайы операция бірнеше облыс аумағында жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда ірі ұйымдасқан қылмыстық топтарды (ҰҚТ) ауқымды түрде тұтқындау басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Бас прокуратураның келісімімен еліміздің бірнеше өңірінде тұтқындау шарасын жүргізіп жатыр.

 - Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында ұстау шаралары бір мезгілде өтуде. Оқиғаға Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің күштері мен құралдары, сонымен қатар екі ведомствоның арнайы бөлімшелері мен техникасы жұмылған, - делінген хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ұсталған қылмыстық топтар Қазақстанның Қырғызстанмен, Қытаймен және Өзбекстанмен шекаралас облыстарында, сәйкесінше Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында заңсыз әрекеттер жасаған.

Оқи отырыңыз: Биыл қанша қытайлық елден шығарылды – ІІМ

Новости партнеров