|
24.12.2023 | 15:04
694

Алаяқтардан сақ болыңыз: қазақстандықтарға өтемақы төленеді

Желіде Әлихан Смайловтың видеосы тарауда

Алаяқтардан сақ болыңыз: қазақстандықтарға өтемақы төленеді elements.envato.com

Әлеуметтік желіде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы төленетінін айтып жатқан видеосы тарауда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода Қазақстанда "ұрланған қаражатты қайтару және өтеу жөніндегі" комитет құрылғаны айтылады. Бұл - жалған. Елімізде мұндай комитет жоқ және болған да емес.

- Алаяқтар алданған адамдарға көмектесеміз деп осы жарнаманы таратуда, ал шын мәнінде ақшаны "қайтару" қызметтері туралы жазылған сайтқа өтуді ұсынады. Нәтижесінде жосықсыз инвесторлар ұрлаған ақшаны қайтару үшін қайтадан төлеу керек болады. Осылайша алаяқтар бір кездері алданып қалған адамдарды тағы да құрығына түсіреді. Мұндай хабарландырулар Қазақстанда және Ресейде бұған дейін де тараған болатын. Ол кезде қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлеу туралы айтылған еді, деп жазады портал.

Бұған дейін алаяқтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін де бірнеше рет қолданған: Президент атынан олар белгілі бір мұнай компаниясына немесе Илон Масктың жобасына "инвестиция салуға" шақырған болатын.

Оқи отырыңыз: Ауруханада орын жоқ: Ресейде вирус жұқтырғандар саны артты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир