Түркістан облысында 6 жасар бала көпірден құлап, суға ағып кетті

Фото: ДЧС г.Шымкент
Фото: ДЧС г.Шымкент
Досы баланы құтқармақ болған, алайда өзі де батып кете жаздаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында алты жасар бала суға ағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 24 тамызда таңертең Қызылқұм магистраль каналында болған. Ақпарат бойынша, 2014 жылғы бала 2011 жылы туған досымен бірге мал бағуға шығып, үш метрлік көпірден су қоймасына құлап түскен. Магистраль каналдың ені - 50 метр, тереңдігі - 2,5 метр.

Досы баланы құтқармақ болған, алайда өзі де батып кете жаздаған. Жақын маңда жүргін куәгерлер жасөспірімге уақытында көмектесіп үлгерген. Қазір ол ауруханада, жағдайы орташа.Суға батқан баланың денесін іздеуге Шардара құтқару бекетінің құтқарушылары, Түркістан облысының ТЖД және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысты. Барлығы 34 адам жұмылды.

Марқұм бірнеше сағаттан кейін табылды.

Новости партнеров