Қоқыс үйінділерінің астынан ер адамның денесі табылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ол 1972 жылғы ер адам, жұмыссыз, металл қалдықтарын жинау және сатумен айналысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 48 жастағы азамат қоқыс полигонының астында қалып көз жұмды. Ол Кенжехан базары маңында орналасқан үйінді арасынан метал қазып алуға барған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқиға 11 ақпан күні түскі сағат 2-3-тің арасында болған. Қатты тарсылдаған дауыстан кейін бірден сыртқа шыққан куәгерлер дереу жедел-жәрдем мен құтқарушыларға хабарласқан. Үйінді астында қалған 48 жастағы азамат осыған дейін де метал қазуға келіп жүрген көрінеді. Дегенмен, жергілікті тұрғындар бірнеше рет мұның қауіпті екенін ескерткенбіз дейді.

«Біз оған жақынырақ барып қауіпті екенін ескерттік. Бірақ, ол біздің сөзімізді тыңдаған да жоқ. Себебі ол үнемі осы жерден металл қазып алатын. Осымен оған 2-ші рет ескертуім. Осыдан 3 күн бұрын да қауіпті екенін айтқан едім», –  деді куәгер Әлімжан Тұрсынбаев.

Оқиға орнына келген құтқару қызметінің 12 адамы мен екі кинологиялық экипажы қазу жұмыстары кезінде ер адамның мүрдесін алып шыққан.  

«Ол хабарламада Алматының Алатау ауданында орналасқан Кенжехан базарының маңайындағы қоқыс полигонында бір адамның үстіне қоқыс түсіп, жабылып қалды деп мәлімдеді. Сол мезетте Алматы қаласының құтқару қызметінің жеке құрамынан 12 адам тез уақытта сол жаққа жетіп, ол кісінің мәйітін шығарды», –  деді қалалық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Бауыржан Исабаев.

Негізінен бұл жерде жеке компаниясы жаңадан тұрғын үй кешені мен 560 орынға арналған мектеп салу үшін 4 жыл 11 айға жалға алыпты.

Қазіргі уақытта іс полицияда тіркеліп, тергеу басталды. Сараптама қорытындысы жақын арада дайын болады.

Мерей Қанапиянов, Ескендір Тоғыспаев «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров