«Қарызын даулаған»: Алматыдағы Өжет базарында жаппай төбелес болды
Тәртіп сақшылары оларды ажыратып, аудандық полиция бөліміне алып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы Өжет базарында жаппай төбелес болды деп жазады Zakon.kz. Оқиғаны куәгерлер видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратуда.
Ал, Полиция департаменті болса төбелеске қатысқан жігіттердің барлығын ұстадық деп отыр. Олар ақша үшін жаға жыртысқан екен.
«Аяқ киім сатушылары қарыз ақшаларын даулап алдымен ерегіскен, артынша жаппай төбелес болған. Жол патрульдік полиция экипажы төбелескендерді ажыратып, жағдайдың мән-жайын анықтау үшін оларды аудандық полиция бөлімшесіне жеткізді. Заң аясында шара қолданылатын болады», - дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53