|
28.10.2023 | 15:41
518

Шымкентте ыстан уланып, отбасы мүшелері ұйқыдан тұрмай қалды

Газбен жылту пешінің мұржасы мүлде болмаған

Шымкентте ыстан уланып, отбасы мүшелері ұйқыдан тұрмай қалды Сурет: Шымкент ТЖД баспасөз қызметі

Шымкентте ыстан уланып қайтыс болған отбасының көршілері қайғылы оқиғаның қалай болғанын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

39 жастағы ері мен әйелі және олардың үш баласы өз үйінде өлі күйінде табылған. Олардың өліміне газбен жылытылатын пештегі ақау себеп болыпты.

 - Біз тексергенде түтін шығатын тесік жоқ еді. Газ құбырдағы жылыту қазанының үстіндегі мұржасы жоқ, - деді "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Шымкент филиалы апаттық-диспетчер қызметінің басшысы Бауыржан Байтөреев.

Сегіз жылдан бері осы үйде тұрып жатқан оларға газ былтыр тартылған екен. Қазандықты қашан қойғанын мамандар анықтап жатыр. Кеше ғана отбасындағы қыздардың бірі туған күнін үйде тойлаған екен. Сонан соң түні бойы жылу қосылып, оның улы түтіні баспананы басқан деген болжам айтылып жатыр.

Белгілісі, таңертең қыздардың бірі полицияға телефон шалып, уланғанын айтып үлгеріпті. Бірақ құтқарушылар келгенде отбасындағы ері мен әйелі және 16, 15 және 11 жастағы балалары көз жұмғанын анықтаған. Отағасы электрик, ал келіншегі мейірбике. Көршілері марқұмдарды жақсы адамдар еді деп, көңіл айтып жатыр.

 - Үлкен қызы оянып, есін жиған. "102"-ге хабар беріп үлгерген. Сосын екі кішкентай баласын сыртқа шығарған. Үйдің ішіне кірген кезде сол жерде құлаған, - дейді көршісі Мөлдір Құдиярова.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы шетелдіктерді Қазақстанға шақыратын компанияларды тексеруде

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

улану
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир