Алматыда келушілерге қорқор ұсынған мейрамханалар анықталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Полицейлер қоғамдық орынды ластағандарға бөлек хаттама толтырып, айыппұл салған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде қанша жерден қорқорға тыйым салынса да, санитарлық талапты бұзатындар азаймай тұр. Соған байланысты Алматылық полицейлер күн сайын кәсіпкерлік нысандарын тексеріп, рейд жүргізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бостандық ауданының тәртіп сақшылары ә дегеннен-ақ Абай-Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы кәсіпкерлік нысанының жұмысын әшкереледі. Дәмхана әкімшілігі қонақтарға қорқор ұсынуға болмайтынын біле тұра санитарлық талапты ескермеген. Кейін полицейлер қоғамдық орынды ластағандарға бөлек хаттама толтырып, айыппұл салған.

«Ауданда қорқорға қатысты тексеріс жұмыстары үнемі жүреді. Ереже бұзушылық анықталған жағдайда келушілерге қорқор ұсынғандар мен оны шеккендерге әкімшілік құқық бұзушылықтың 441-бабына сәйкес хаттама толтырылады. Жергілікті кәсіпкерлерден сұрайтынымыз санитарлық талаптарды сақтап жұмыс істеңіздер», – деді Бостандық аудандық жергілікті полиция бөлімі басшысының орынбасары Мұхит Айнақұлов.

Тексеріс нәтижесінде өткен түні қорқор ұсынған бірнеше кәсіпкерлік нысаны мен оны шеккен 8 келушінің әрқайсысына 44 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Еске сала кетейік, ел бойынша қоғамдық орындарда қорқор пайдалануға мүлде тыйым салынған.

Мерей Қанапиянов, Ғани Қалуов, Санжар Ерік, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров