Алматы облысында жолаушылар қақаған аязда далада қалып қойған

Алматы облысында жолаушылар қақаған аязда далада қалып қойған
29 желтоқсанда кешке «Алматы-Үржар» бағыты бойынша жолға шыққан көлік «Алматы-Өскемен» автожолының 414-шақырымында істен шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында 37 адам мінген автобус бұзылып, жолаушылар қақаған аязда далада қалып қойған, деп хабарлайды Almaty.tv.

29 желтоқсанда кешке «Алматы-Үржар» бағыты бойынша жолға шыққан көлік «Алматы-Өскемен» автожолының 414-шақырымында істен шығып, адамдар қақаған аязда далада қалып қойған. Көмекке бірден өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 2 техникасы және Сарқан қаласының трассалық-медициналық құтқару пунктінің кезекші бригадасы, жедел жәрдем, сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері келген. Облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Қазір адамдар ең жақын елді мекен Сарқан қаласына жеткізілген.  

Оқиға болған жерден:

- Алматыдан шыққан автобус Сарқала аймағына келген кезде сынып қалып, ТЖД көмектесіп, бізді Сарқан вокзалына әкеліп, жылы жерге отырғызып, жағдайымызды жасап жатыр. Көп рахмет!

Айта кетейік, еліміздің 5 өңірінде аяз 39 градусқа дейін жететіні хабарланған еді. Сондықтан синоптиктер мен төтеншеліктер көлік жүргізушілері мен тұрғындарға барынша сақ болуды ескерткен. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы да бар.

Новости партнеров