Шымкентте ерлі-зайыптыны өлтірген отбасының жеке көлік жүргізушісі болып шықты

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ
Сотталушы кінәсін мойындаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте өз үйінде ерлі-зайыптыны өлтірген адам отбасының жеке көлік жүргізушісі болып шықты, деп хабарлайды NUR.KZ.

Жұбайлардың өліміне қатысты іс бойынша алғашқы тыңдалым Қаратау аудандық сотында өтті. Сотталушы кінәсін мойындаған.

Белгілі болғаны, күдікті азамат үйге жертөле арқылы кірген, бұл сәтте отағасы теледидар қарап отырыпты. Алдымен ер кісіге оқ атқан.

28 жастағы жүргізуші мұнымен қоймай, асүйге кіріп, оның жұбайына бірнеше жерінен пышақ жарақатын салған. Осылайша, ерлі-зайыптыны әп-сәтте өлтірген ер кісінің мұндай қылмысқа неліктен барғаны әзірге белгісіз.

Шымкент қаласының прокуроры Мақсат Қожабаевтың айтуынша, күдіктіге қарақшылық шабуылмен және атыс қаруын заңсыз алып жүрумен ұштасқан екі және одан да көп адам өлтірді деп айыпталуда.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні түнде Шымкентте ерлі-зайыптыларды өз үйінде өлтіріп кеткен болатын.

Күні кеше полиция департаменті отбасылы ерлі-зайыптының өліміне күдікті ретінде 27 жастағы жергілікті тұрғынның ұсталғанын хабарлады.




Новости партнеров