Елордада 21 жастағы қыз бассейнде қайтыс болды

gov.cap.ru
gov.cap.ru
Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы 4 адам болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордадағы спорт кешендері бірінің бассейнінде 21 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі liter.kz сілтеме жасап.

«Осы жылдың 16 қаңтарында сағат 10-18-де полицияның кезекші бөліміне елордадағы спорт кешенінің бассейнінде қыз мүрдесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы ақпаратты растады», – деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта аталған спорт кешені жаттықтырушысының бассейнде қыздың қозғалыссыз жатқанын байқағаны анықталып отыр. Жаттықтырушы қызды судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне масаж жасаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері 21 жастағы қыздың қайтыс болғанын анықтаған. 

«Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы 4 адам болған. Қаза болған қыз бассейнге бірреттік абонемент сатып алып келген. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – деді ведомство хабарламасында.

Новости партнеров