Алматы облысында зейнеткерді алдаған алаяқ табылды

polisia.kz
polisia.kz
Көксу аудандық полицияның кезекші бөліміне 73 жастағы жергілікті тұрғын бейтаныс әйелге алданып қалғаны туралы арызданған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полицейлердің жедел қызметіне риза болған зейнеткер әлеуметтік желілер арқылы алғысын білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көксу аудандық полицияның кезекші бөліміне 73 жастағы жергілікті тұрғын бейтаныс әйелге алданып қалғаны туралы арызданған. Күдікті коронавирусқа байланысты жүріп-тұру шектеулерін пайдаланып, зейнеткерге әлеуметтік қызметкер ретінде арзан азық-түлік жеткіземін деп алдап, оның жүз мың теңгесін қолды қылған.

“Біз бір тәулік ішінде күдіктіні ұстадық. Ұсталған әйелдің Текелі қаласының 50 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол дәлелдерден кейін алаяқтық жасағанын толық мойындады. Оның егде жастағы зейнеткердің сенгіштігі мен ел ішіндегі коронавирус кезіндегі ахуалды пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғаны белгілі болды. Күдікті қолды қылған ақша сомасын дәл сол күні өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұсталған әйелдің бұрын бес рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталды. Қазіргі уақытта күдікті жәбірленушіге келтірілген шығынды толық қайтарды, алайда ол оны жауапкершіліктен босатпайды, іс жақын күндері соттың қарауына жіберіледі”, – деп хабарлайды Алматы облысы Көксу аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Эльдар Метербаев.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.




Новости партнеров