Түркістан облысында 40-тан астам адамды алдаған алаяқ құрықталды

иллюстративное фото
иллюстративное фото
Күдікті 41 адамды алдап, 1,5 миллион теңгеге жуық залал келтірген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл наурыз айында Түркістан қаласының ҚПБ-на жергілікті тұрғындардың бірінен мемлекеттік бағдарлама аясында қомақты қаржы алып беремін деп,  ақшасын алған әйелге қатысты арыз келіп түседі. Аталған жайт, ҚР ҚК-нің 190-бабы «алаяқтық» бойынша  СДТБТ-не тіркеуге алынған. Артынша Полиция басқармасына дәл осындай факті бойынша он шақты арыз түскен.

Қылмысты ашу мақсатында Түркістан облыстық Полиция департаменті, Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері  жедел-іздестіру шараларын өткізіп, нәтижесінде жұмыссыз жүрген бір жергілікті тұрғынды құрықтады. Полицейлердің анықтауынша, алаяқ әйел адамдардан ақшаны «жұмысқа орналастырып беремін»  немесе «мемлекеттен ақша алып беремін» деген жалған уәдемен алып отырған. Тергеу барысында күдіктінің  41 алаяқтық оқиғасына қатысы бары және жәбірленушілерге 1,5 миллион теңгеге жуық залал келтіргендігі анықталды.  

Бүгінде оған қатысты жинақталған мәліметтердің барлығы сотқа жіберілді. Түркістан облысының полицейлері тұрғыдардан алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдармен әңгімелескенде ерекше сақ болуын сұрайды. Сонымен қатар, бөтен адамдардың сұрақтарына немесе танымайтын нөмірлерге жауап бергенде жеке мәліметтеріңізді айтпағаныңыз жөн. Егер сіздер де алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыздар, тез арада «102» телефонына хабарласыңыздар.

Новости партнеров