Жамбыл облысында мал қора өртке оранды

Almaty.tv
Almaty.tv
47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы тірідей өртеніп кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысындағы Қаратас ауылында мал қора төрт түлігімен бірге өртке оранды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеше сағат 22:00-де лаулаған жалын 220 шаршы метрді шарпыған. Салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы тірідей өртеніп кетті. Дегенмен жедел жеткен құтқарушылар өзге 180 бас малды қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.

Айта кетейік, зардап шеккендер мен қаза тапқан тұрғындар тіркелген жоқ. Алдын ала болжам бойынша, жалынның тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

– Оқиға орнына жедел түрде Жаңатас қаласының №16 өрт сөндіру бөлімінің 1 бөлімшесі, ерікті өрт құрылымынан 7 адам, 1 бірлік Нива автокөлігі, жергілікті атқарушы органнан тіркемесі бар 1 МТЗ-80 тракторы шықты. Өрт 22:36-да оқшауланып, 22:56-да жойылды, – деді ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Ілияс Қапашев.

Оқи отырыңыз: Елімізде бірнеше өңірді су басты

Новости партнеров