|
30.07.2019 | 16:25
7135

"Бұл - таза жала": таяқ жеген алматылық әншінің күйеуі мәлімдеме жасады

Ксения мен Бауыржан JackPot тобында бірге өнер көрсеткен.

"Бұл - таза жала": таяқ жеген алматылық әншінің күйеуі мәлімдеме жасады

Күйеуі өзін өлтірмек болды деп айыптаған алматылық әншінің жары Бауыржан Ашығалиев бұл оқиғаға қатысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеше #НемолчиKZ қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова желіде жазба жариялап, күйеуінен таяқ жеді деп алматылық әнші Ксения Ашығалиеваның суреті мен видеосын таратқан. Видеода Ксения күйеуі Бауыржан Ашығалиевтің өзін ұрлап, өлтірмек болғанын да баяндаған.

Өз кезегінде Бауыржан Ашығалиев бұл оқиғаны жоққа шығарды.

«Мен музыкамен, шығармашылықпен айналысамын.  2019 жылдың 28 шілдесінде әйеліммен арада болған оқиғаны жоққа шығарғым келеді. Бұл – таза жала, оған ешкім қол көтерген жоқ. Ол сол кеткеннен ажырасуға арыз жазған. Содан балаларымды менен тығып, көрсетпей қойды. Оларды көру үшін бопсалап, маған түрлі талап қойды. "Мен анамын, заң менің жағымда, заңды жақсы біліп алдым, көрсетемін саған" деп, қоқан-лоқы жасады... Маған балаларыммен жүздесуге бір, бір жарым сағат қана уақыт беретін», - дейді ол.

Бауыржанның айтуынша, ол балаларымен әрең дегенде жүздесетін болған.

«Мен оны тұрып жатқан жерінен кездестіріп қалғанымда, ол өзінен-өзі «көмектесіңдер,  ол мені өлтіреді, қылқындырып, зорлап жатыр» деп айқайға басты. Сол кезде  аумақта үш күзетші болды, олар оған ешкім тиіспегенін көрді. Мен балаларды көру үшін 102-ге өзім қоңырау шалдым, учаскелік полицей онымен сөйлесіп, сабасына түсіруге тырысты, бірақ ол балаларды сол күйі көрсетпеді. Менің ойымша, бұл маған жала жабу үшін арандату мақсатында жасалған нәрсе. Өйткені екінші ретінде онысы қолынан келмей қалды», - деді Ашығалиев.

Бауыржан Ашығалиев әйелі мен ата-анасының бір-біріне жақын маңда тұратынын айтты. Сол күні Бауыржан досымен бірге ата-анасының үйіне бара жатқан. Сол кезде тағы да осылай жолдары түйісіп қалған. Тағы да келіншек айқай-шу шығарған. Тағы да 102-ге қоңырау шалынған.

«Учаскелік полицей келіп, бізді бөлімшеге алып кетті. Оның денесінде  жырылған жерлері болды, бірақ ол құлап қалған еді. Бізге ешқандай қыз көмектескен жоқ. Ешқандай да жертөле деген әңгіме болған жоқ. Оны ешкім ұрып-соқпаған», - деді ол.

Мұны Бауыржан Ашығалиевтің досы Қайсар Иманқұлов та растады.

Ерлі-зайыптылар әлі ресми түрде  ажыраспаған. Олардың шаңырақ көтергеніне 7 жыл болған, ортада екі  балалары бар. Ксения мен Бауыржан JackPot тобында бірге өнер көрсеткен.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир