|
12.02.2021 | 20:10
4233

Қарағанды облысында 18 жастағы сарбаз қайтыс болды

Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Қарағанды облысында 18 жастағы сарбаз қайтыс болды  Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында 18 жастағы сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі сарбаз Жақып Рамазан менингиттің жедел түрінен көз жұмған. 6505 әскери бөлімінде қызмет еткен ол 2 ақпанда таңертең өзін жайсыз сезінген.

Санитарлық нұсқаушының қарауынан кейін Абай қаласының Орталық ауруханасына жатқызылған. Онда жағдайы күрт нашарлап, реанимация бөліміне ауыстырылады. Алайда, сағат 11:00-де дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтқан. Ведомство өкілдері байланыста болған барлық адам Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығында менингококтың бар-жоғына тексеруден өткенін хабарлады. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир