Павлодар облысында үш азамат 53 жастағы ер адамды тонап, өлтіріп кетті
Күдіктілер марқұмның үйінен 5 мың АҚШ доллары мен 300 мың рубль, 10 мың теңге алып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодар облысында 53 жастағы ер адамды тонап, өлтіріп кетті. Қылмыскерлер Шалдай ауылынан ұсталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Жедел іздестіру барысында Шарбақты ауданы Шалдай ауылынан 53 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен 1990 және 1994, 1995 жылы туған ер азаматтар ұсталды.
Күдіктілер марқұмның үйінен 5 мың АҚШ доллары мен 300 мың рубль, 10 мың теңге алып кеткен. Сөйтіп олар оқиға орнынан іздерін суытқан.
Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауға алынды. «Кісі өлтіру» және «Тонау» бабы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13