|
14.08.2020 | 16:56
1402

Талғар ауданының полицейлері дүкен тонаған ерлі-зайыптыны ұстады

Тергеу барысында күдікті азаматтың бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды

Талғар ауданының полицейлері дүкен тонаған ерлі-зайыптыны ұстады  pavlodarnews.kz

Талғар ауданының полицейлері тапа-тал түсте дүкен тонаған ерлі-зайыптыны ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 тамыз күні аудан орталығы Талғар қаласында орын алған. Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар алдын ала сөз байланысу арқылы үйлеріне жақын маңдағы дүкеннен азық-түлік алып, дүкен сатушыларын қорқыту арқылы төлеместен оқиға орнынан із суытқан. Полицейлерге қоңырау шалғандықтан, тәртіп сақшылары шұғыл жетіп, қылмысқа қатысы бар адамдарды жылдам анықтады.

«Азаматтық некеде тұрып жатқан екі азаматтың өзара келісуімен қылмыстың орын алғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 32 жастағы күдікті аудандық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы Ерлан Қасым. 

Тергеу барысында күдікті азаматтың бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ол дүкен сатушыларына бұрын сотты болғанын және ештеңеден тайынбайтынын айтып қорқытқаны белгілі болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир