Универсиада-2019: Әсет Дүйсенов «күміс» алатын болды
Sputnik
Еркін әдіспен спринт жарысында алтын жүлде алған ресейлік шаңғышы Иван Якимушкин ереже бұзған деп танылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Красноярск қаласында өтіп жатқан ХХІХ қысқы дүниежүзілік универсиадада қазақстандық шаңғышы Әсет Дүйсенов спринт жарысында күміске қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Универсиаданың ресми сайты хабарлағандай, еркін әдіспен спринт жарысында алтын жүлде алған ресейлік шаңғышы Иван Якимушкин ереже бұзған деп танылды. Сол себепті алтын жүлде оның отандасы Александр Терентьевке берілді.
Ал қазақстандық Әсет Дүйсеновтің еншісінде - күміс медаль. Тағы бір ресейлік Андрей Собакаревке қола жүлде бұйырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан қоржынына екінші медаль түскенін жазған болатынбыз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52