|
25.02.2020 | 09:46
2987

Полиция оңай олжаға кенелуді жақсы көретін алаяқты құрықтады

Тәртіп сақшылары тергеу барысында 1990 жылы туған азаматтың бірқатар алаяқтық әрекет жасағанын анықтаған

Полиция оңай олжаға кенелуді жақсы көретін алаяқты құрықтады Polisia.kz

Алматы облысының полицейлері оңай олжаға кенелуді жақсы көретін алаяқты әшкереледі, -деп хабарлайды Polisia.kz.

Көксу ауданы Полиция бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық дерегі бойынша арызданды. Осы қылмыстық құқық бұзушылық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 1-тармағы  (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тәртіп сақшылары тергеу барысында 1990 жылы туған азаматтың бірқатар алаяқтық әрекет жасағанын анықтаған. Атап айтқанда, 2017 жылдың қазанында зардап шегушіге жер учаскесінің жалған құжаттарын беру арқылы оның қаржысын заңсыз иемденген. Ал, 57 жастағы кейуананың сеніміне кіріп, үйінің құжаттарын жасап беремін деп ірі көлемде ақшасын алып кеткен.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, Алматы облысының полицейлері М. деген азаматтың жымысқы әрекеттерінен зардап шеккендер болса, 8 (7283) 84 23 84 и 8-707-242-75-50 телефондарына хабарласуды сұрады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир