Елордада өрттен көз жұмған 5 қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Елордада өрттен көз жұмған 5 қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осы жылдың 4 ақпанында тіркелген 5 баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған іспен Полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысқан болатын. Барлық сараптама жұмыстары мен тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін аталған іс өндірісін тоқтату туралы шешім қабылданды. Қылмыстық іс тоқтатылды. Құзырлы орган – Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасына аталған шешімнің заңдылығын тексеру үшін іс құжаттары жолданды», – деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті төрағасының орынбасары Ғазиз Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанадан өрт шыққан болатын. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы туған 5 қыз баланың денесі табылды. Олардың кішісі небәрі 11 айлық сәби еді. Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.  

Новости партнеров