|
03.07.2019 | 23:20
7865

Алматы полициясы жыныстық құлдыққа түскен қызды құтқарды

24 жастағы әйелді қонақүйлердің бірінің қызметкері 2018 жылдың қазанынан бері жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеп келген

Алматы полициясы жыныстық құлдыққа түскен қызды құтқарды Пресс-служба Департамента полиции Алматы

Алматыда полиция жыныстық құлдықта болған Өзбекстан азаматшасын босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

24 жастағы әйелді қонақүйлердің бірінің қызметкері 2018 жылдың қазанынан бері жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеп келген.

«Келіншектің өзі тәнін саудалаумен бұрыннан айналысқанын мойындап тұр. Қонақүйлердің бірінде жұмыс істеуге өзі келіскен. Алайда, қонақүй администраторы келіншектің төлқұжатын тартып алып, тапқан ақшасын түгел алып отырған», - деді полициядан.

Осы уақытқа дейін Өзбекстан азаматшасы еркінен тыс жұмыс істеп келген. Жақын күндері ол полицияға хабар беріп үлгерді.

«Полиция жедел әрекет ету операциясын жүргізіп, 46 жастағы қонақүй администраторын ұстады. Ол ҚР ҚК 308-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді қалалық Полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Қаржаубаев.

«Қонақүйді тінту кезінде тағы 6 жеңіл жүрісті келіншек ұсталды. Олардың екеуі Өзбекстан азаматшасы болып шықты. Олар ҚР Көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген. Тағы бір әйелдің жеке басын куәландыратын құжаты жоқ болып шықты», - деді баспасөз қызметінен.

Жыл басынан бері адам саудасы бойынша 14 қылмыс дерегі ашылды. Атап айтқанда, ҚР ҚК 309-бабы бойынша тергелетін 8 жынойнақ ұйымдастыру дерегі, ҚР ҚК 308-бабы бойынша тергелетін әйелді мәжбүрлеп жыныстық қызметке тарту дерегі, кәмелет жасына толмаған қызды саудалаудың 1 дерегі, ҚР ҚК 128-бабымен тергелетін адам саудасының 1 дерегі тіркелген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир