Ақтөбелік полицейлер көп қабатты үйден секірмек болған әйелді құтқарып қалды

Almaty TV
Almaty TV

Туыстарымен келіспеген әйел өзіне қол жұмсамақ болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде 25-ші қабаттан секірмек болған әйелді полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды  Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

3 қарашада оқыс оқиға болды: қаланың 11-шағынауданында орналасқан "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінің жанынан өтіп бара жатқан полицейлер 25-ші қабаттан секірмек болған адамды байқады.

Полиция дереу әйел адамға психологиялық тәсілдер қолдану үшін жақындады. Ол қатты эмоциялық күйде болған және өзіне ешкімді жақындатпаған. Қызметкерлер бірден онымен сөйлесіп, тыныштандыруға кіріскен.

Полиция қызметкерлері бір жарым сағат келіссөздің нәтижесінде қиын жағдайға тап болған әйелді тыныштандырды. Олар әйелді мұндай әрекеттен бас тартуға көндіре алды. 32 жастағы келіншек мұндай шарасыз қадамға жақын туыстарының қайтыс болуынан, туыстарымен және достарымен келіспеу салдарынан барғанын айтты. Өзіне қол жұмсамақ болған әйел медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Көп ұйықтау адам өмірін қысқартады

Новости партнеров