2023 жылдың шілде айының соңында жаппай улану орын алған Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тағы бір тәрбиеленушісі бүгін, 28 тамызда қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балалары Қарағандыдағы ауруханаларда ем алуды жалғастырып жатыр. Алайда дәрігерлер қанша тырысқанымен бір науқасты аман алып қалу мүмкін болмады. Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында жатқан 2012 жылы туған ұл бала 28 тамызда қайтыс болды. Баланың өліміне жүрек жеткіліксіздігі себеп болған.
Тағы бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы әлі де ауыр.
Дәрігерлер қанша тырысқанымен баланы аман алып қалу мүмкін болмады. 1 тамызда ауруханаға тағы екі бала түскен. Балалардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, облыстық прокуратура басқармасының бақылауына алынды.
Оқи отырыңыз:Шымкентте ер адам төбелестен соң үйіне келіп қайтыс болды