Автобуста оқушы қызға тиіскен 26 жастағы күдікті ұсталды
Қостанай қаласында қоғамдық көлік ішінде 11 жасар қызға тиіскен 26 жастағы күдікті қолға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай қаласында қоғамдық көлік ішінде 11 жасар қызға тиіскен 26 жастағы күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл факті бойынша облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
«Қостанай қаласы тұрғынының кәмелетке толмаған қызына қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасау туралы арызы бойынша полицейлер 26 жастағы ер адамды ұстады. Ол мас күйінде 11 жасар қызға тиіскен», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33