Алматыда белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасады
Бірден мойнынан қылғындырған ол әйелдің алтын алқасын күштеп алып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Күдікті тапа-тал түсте баласымен кетіп бара жатқан ананы тонаған. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бейнекадрлардан жол жиегінде баласын арбамен сүйреп бара жатқан әйелдің артынан бойшаң келген ер адамның жақындағанын көруге болады.
Бірден мойнынан қылғындырып, алтын алқасын күштеп алып кеткен.
Қалалық полиция департаменті оқиғаның кеше түстен кейін орын алғанын айтқанмен, қарақшы әлі ұсталған жоқ. Қалалық Полиция департаменті Патрульдік полиция экипажына күдіктінің кеткен жағын ғана белгілеп, арнайы жедел тергеу тобы құрылғанын ғана мәлімдеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37