Жыл басынан бері Алматыда 150 жемқорлық фактісі тіркелген

Caucasus Times
Caucasus Times
Дөңгелек үстелде Президенттің «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шенеуніктермен қалай тиімді жұмыс жасау керектігі талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы бүгін «Адалдық алаңы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының жаңа форматы» атты дөңгелек үстелі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қоғам белсенділері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Жетісу ауданы әкімдігі Президенттің «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шенеуніктермен қалай тиімді жұмыс жасау керектігін талқылады.

«Өздеріңізге белгілі,  жақында брифинг өткіздік. Біз сол жерде мемлекеттік қызметкер болсын, мұғалім болсын, мемлекеттік қызметтегілердің сыйлық алуы мен бермеуі керектігін айттық. Ол заңмен қудаланады. Егер сыйлық құны 2 АЕК-тен асса, қылмыстық іс қозғалатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деді Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Елнар ИГІЛІКОВ. 


Новости партнеров