Астанада жолаушы такси жүргізушісін тонап, пышақтап кетті
sn.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астанада такси болып жүрген ер адам Дүкенұлы көшесіне жолаушыны жеткізіп тастайды. Бірақ үйдің ауласына келгенде көлік жүргізушісі мен жолаушының арасында кикілжің туған, деп хабарлайды Астана Полиция депаратментіннің баспасөз қызметі.
Күдікті көлік жүргізушісін пышақпен қорқытып, одан ақша талап еткен. Артынша оған пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кетеді. Сол аралықта кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам жүргізушіге көмектесіп, жедел жәрдем мен полиция шақырған.
Жедел іздестіру барысында бұрын сотты болған 28 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта «Қарақшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13