Жетісу облысында жол апатынан әйел мен 2 бала қайтыс болды
polisia.kz
Жол апатына алты адам ұшарады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
3 қыркүйек күні таңғы уақытта Ескелді ауданында Toyota Camry және Mitsubishi L200 автокөліктерінің соқтығысуы орын алды. Жол апатына алты адам ұшарады, олардың үшеуі қайтыс болды.
Дерек бойынша “Алматы – Өскемен” автожолының 295 шақырымында Toyota Camry автокөлігін басқарған 40 жастағы ер адам рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, Mitsubishi L200 автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында жас әйел мен 10 жасар бала көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, алайда онда 13 жасар қыз да көз жұмды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық іс тіркелді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33