|
11.01.2020 | 18:54
4173

6 көлікті айдап кеткен қылмыскерлер қолға түсті

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

6 көлікті айдап кеткен қылмыскерлер қолға түсті amp.hyser.com.ua

Қарағандыда тәртіп сақшылары былтырғы жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін 6 жеңіл көлікті ұрлап кеткен қылмыскерлерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды қаласының аумағында ресейлік автокөліктерді ұрлаумен айналысқан екі топты ұстады.

«25-26 жастағы күдіктілер Қарағанды облысының тұрғындары болып шықты. Олар 6 көлікті ұрлап кеткенін мойындады. Айғақты заттар (автокөліктер) тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдіктілердің бұрын жасалған қылмыстарға қатысы барын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

көлік
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир