Таразда жол апатынан 27 жастағы азамат оқиға орнында қаза тапқан

almaty.tv
almaty.tv
Тергеудің басқа мәліметтері Қылмыстық кодекстің 201 бабына сәйкес жарияланбайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Таразда қатты жылдамдықта жүйіткіген жеңіл көлік велосипед айдаған жігітті қағып кетті. Салдарынан 27 жастағы азамат оқиға орнында қаза тапқан. Жантүршілігерлік жол апаты орталық көшелердің бірінде болған. Оқиға бейнекамераға түсіп қалыпты. Соққының қатты болғаны соншалық, жүргінші бағдаршам биіктігіне дейін ұшып, 40 м жерге барып құлаған. Ал мерседес көлігін тізгіндеген жүргізуші қамауға алынды. Ол көлік тізгініне мас күйінде отырған болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазір жүргізуші уақытша қамау изоляторында. Күдіктіге түрлі сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал тергеудің басқа мәліметтері Қылмыстық кодекстің 201  бабына сәйкес жарияланбайды», – деді ІІД Тергеу басқармасы басшысының орынбасары Жәнібек Даңқов.  

Новости партнеров