Атырау облысында малға белгісіз жыртқыш шабуыл жасады

Almaty.tv
Almaty.tv
Аудандағы атқамінерлер тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау керек екенін жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінде үй жануарларына шабуыл жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.      

Үй иесі мұны істеген жабайы иттер десе, таланған ешкілер мен шыбыштарға қарағанда, кейбіреулер оны сілеусін жыртқышы деп топшылап отыр. Ал аудандағы атқамінерлер нақтысын айта алмай, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау керек екенін жеткізді. Жақын жерлерді торуылдап, анығын хабарлаймыз депті.  

«Аудан көлемінде жаппай қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзге де қауіпсіздік шараларды ұйымдастыру үшін Мақат аудандық полиция бөліміне елдімекендердің төңірегінде жүрген жыртқыш аңдарды анықтап, аулау мақсатында Атырау облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамдық бірлестігіне хаттар жолданып, тапсырмалар берілді», – деді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Азамат Шаңғалаев.

Новости партнеров