|
Jol
05.09.2020 | 01:00
3721

Алматының Түрксіб ауданында 3 адамға пышақ салған адам ұсталды

Тергеу аяқталғаннан кейін ұсталған адам ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылады

 Алматының Түрксіб ауданында 3 адамға пышақ салған адам ұсталды  polisia.kz

Алматының Түрксіб ауданындағы үйлердің бірінде сантехник ретінде жалданған ер адам әйелді өлтіріп, артынан марқұм болған әйелдің анасы мен сол жерде тұрған көршісіне пышақ жарақаттарын салды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 "Ер адамның жұмыс бабындағы төлемі үшін жұмыс берушілермен жанжалдасқаны анықталды. Ұрыс барысында ол әйелдерді және олардың көршісін пышақтап тастаған. Алған жарақаты салдарынан 1988 жылы туған М.азаматша оқиға орнында қайтыс болды. Оның анасы – 1957 жылы туған О.азаматша мен көршісі 1985 жылғы Ш.азамат жедел ауруханаға жатқызылды. Күдікті – 1977 жылғы А.азамат қылмыс орнынан қашып кеткен. Алайда оны учаскелік инспектор аумақты тексеру кезінде ұстады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аяқталғаннан кейін ұсталған адам ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылады", – деп хабарлады Түрксіб аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Таңат Назанов.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир